Жексенбі, 20.05.2012, 20:37
 
Негізгі бетТіркелуКіру
Кош келдіңіз, Гость · RSS
Керек жаңалықтар
Бүгін жаңалық жоқ
Меню
Керек тақырып
Керек ақпарат
Мәселе
Қоғам
Әлеумет
Құқық
Саясат
Экономика
Ауыл
Білім
Мәдениет
Әдебиет
Тұлға
Денсаулық
Іздеймін сені
Кәсіп
Бұқара
Туризм
Тұтынушы
Тіршілік
Оқырман
Күнтізбе
Ғибадат
Мейірім
Сырласу
Спорт
Жұлдыздар
Қисық айна
Біздің сауал
Бүгінгі сатира
Мұрағат
Газет саны
Іздеу
Күнтізбе
«  Мамыр 2012  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
 Негізгі бет

Ауыл халқы дүрлігіп жүр. «Басшылар сөзінде тұрмайды. Алдап кетті. Күн жылынғанда су берем деген, қайдағы... жылынбақ түгілі ысып кетті. Трассада су жоқ. Ақшамызды төлеп, кранның түбіне қарап отырмыз. Сонда биліктің 150 млн. теңгені жерге оңай көме салғаны ма?» деп шулаған халық қайда барарын білмейді. Бұл ауыл халқы жолға да жарымай қойды. Жолдың жоқтығын сылтауратқан қоғамдық көлік те бұл жаққа бет бұрмайды. Қар үстіне төсеп кеткен қиыршық тастың көктемде балшыққа араласып кеткені қашан. 

Ауыл тұрғындары барар жерін білмей отырған жоқ. Тек, бір-біріне сілтеген есіктер жауабы жоқ жүріс болып қажытып тастады. Бұл ауылға су береді екен деген әңгіменің шыққаны қашан?! БАҚ арқылы «құбырлар... Толығырақ »
Тақырып: Керек ақпарат | Қаралды: 8 | 17.05.2012 | Пікір (1)

Ақтөбеде қазір автобус ішінде, аялдамаларда «Қалта ұрысынан сақтаныңыз» деген плакаттар пайда болды. Қоғамдық көлікке мінгендердің қалтасын, сөмкесін білдіртпей кесіп, әмиянды сыпырып кететіндердің жолын кесу үшін  полиция қызметкерлері осындай плакаттар ілді. 
«Қалта ұрысынан сақтаныңыз» деген плакаттар арқылы жұрттың қырағылығын күшейту көзделген. Өйткені Ақтөбеде қалта ұрлығы көбейді.  Қалта ұрылары әсіресе таңертең жұрт жұмысқа асыққанда және кешке жұмыстан қайт-қан қаурыт кезде қоғамдық көліке шабуылға шығады. Жалғыз жүрмейді. Әйелдер мен қыздар - қалта ұрыларының құрбаны. Олардың ақшасын ғана емес, ұялы телефондарын басқа да құнды заттарын сыпырып кетеді.  Әдетте 2-3 адамнан құралған топ авто-бусқа өз құрбанының соңынан ілесе кіред... Толығырақ »
Тақырып: Құқық | Қаралды: 8 | 17.05.2012 | Пікір (0)

Ойраны шыққан отбасы
Жаратқаннан бала беруді тілегенмен, сана беруді тілемеген секілді Жетес ақсақал. Зейнеткер жасына жетпей-ақ, жетпістегі қариядан кәрі көрінеді оның қазіргі түрі. Күйкі тірліктегі сары уайым оны осынша күйзелтіп жіберген. «Үлкен ұлым Қайраттың күйігі бәрінен мықты болып тұр» дейді шарасыз әке. Ащы судың арбауына түсіп, шаңырақтың шырқын бұзған безбүйрек бала бүгінде байлап бағуға да көнбей, азып кеткен. 
Жетес СҚАҚОВ, шарасыз әке:
Қазақтың біреуге бала беру салтының дұрыс емес екеніне енді көзім жетті. Тұңғыш баланы әке-шешемнің бауы-рына салғанмын. Олар өмірден өткен соң, бізді ата-анам деп санамайтын Қайрат ... Толығырақ »
Тақырып: Керек ақпарат | Қаралды: 10 | 17.05.2012 | Пікір (0)

1 2 3 ... 375 376 »

ХАБАРЛАНДЫРУ!!! ҚҰЛАҚҚАҒЫС!!!

Құрметті «Керек.info»  газетінің оқырмандары! Құрметті ата-аналар, ата-әжелер!

«Керек.info»  газетінің редакциясы өткен жылы «Мен ертегі жазамын» байқауын ұйымдастырып, мектеп оқушылары жазған ертегілерді кітап қылып шығарғанын жақсы білезісдер. Биыл осы байқау жалғасын табады. «Керек.info»  газетінің редакциясы Ақтөбе облыстық балалар құқын қорғау департаментімен бірлесіп 1-наурыздан 1-тамыз аралығына дейін «Біз ертегі жазамыз» байқауын жариялайды. Бұл жолы байқау ата-аналар мен ата-әжелер арасында өтеді. 1-қыркүйекте байқаудың қортындысы ретінде газетке іріктеліп, жарияланған бұл ертегілерді мектеп оқушыларының өткен жылғы ертегілерімен қосып үлкен кітап қылып шығарып, авторларына ұсынамыз. 

Құрметті ата-аналар, ата-әжелер!  Байқауға ат салысыңыздар. Күнде кешкілік ойдан шығарып, балаларға айтып беретін ертегілеріңізді бізге, «Керек.info»  газетінің  мекен жайына жолдаңыздар  Сәңкібай батыр даңғылы 26 р, 303 кабинет, тел.54-22-46 немесе мына электрондық поштаға салыңыздар.  Керек.info@mail.ru

КЕРЕК.info © 2012
Создать сайт бесплатно